
Ақмола облысының полиция департаментінде идеологиялық сағат аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған семинар өтті.
Жеке құрам алдында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бастығы Аманжол Кусаинов сөз сөйледі.
Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу, сондай-ақ полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін талқылады.
«Адал азамат» қағидаттарына, әрбір қызметкердің заңнама талаптарын сақтағаны үшін жеке жауапкершілігіне және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік таныту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің рөлі ерекше екені атап өтілді. Заңдылықты сақтау, қызметтік міндеттерді адал орындау және азаматтардың құқықтарын қорғау – полиция қызметінің негізгі басымдықтарының бірі. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.
