А.ж. 21-22 қараша аралығында Ақмола облысында «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында арнайы тактикалық іс-шаралар өткізіледі.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға әзірлігі мен қабілетінің деңгейін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін тексеру мақсатында жүргізілді.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша мұндай оқу-жаттығулар жыл сайын республиканың барлық облыстарында өтеді. Оқу-жаттығу жұмыстарын пысықтау мақсатында облыстың барлық қалалары мен аудандарында жедел штабтар құрылды.
Биылғы жылы оқу-жаттығу басшылығының Республикалық штабы Ақмола облысы, Көкшетау қ., Көктем ш/а, 9/1, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «BOLASHAQ SARAIY» ШЖҚ МКК ғимараты мекенжай бойынша орналастырылады.
Екі күн ішінде өңірлік азаматтық қорғау қызметтері мен құтқару жасақтары қысқы мезгілде республикалық және облыстық авто және теміржолдарда, жылу беру орындарында туындауы мүмкін апаттар мен ТЖ уақытында өзара байланыста әрекет ету, ТЖ жою жұмыстарын жүргізуді пысықтады.
Жаттығуға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары, облыстық, қалалық және аудандық шұғыл ден қою жасақтары, авариялық-құтқару қызметтерінің құрамалары, ҚР ҰҰ 5510 әскери бөлімі және халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің барлық объектілері тартылған.
Оқу-жаттығу барысында облыстың барлық аудандарында/қалаларында арнайы техниканың қозғалысы орын алуы мүмкін, осыған байланысты тыныштық сақтауларыңызды, оқу-жаттығуларына түсіністікпен қарауды және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауларыңызды сұраймыз.