Ақмола облысында денсаулық сақтау саласындағы ірі жобалар белсенді түрде іске асырылуда. Мәселен, 41 нысанның құрылысы қарастырылған, оның ішінде фельдшерлік-акушерлік және бастапқы медициналық-санитарлық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар бар. Құрылысты аяқтаудың жарқын мысалдарының бірі– Целиноград ауданының Қоянды ауылындағы алғашқы медициналық-санитарлық пункт болды, ол қазірдің өзінде жұмыс істей бастады. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Азамат Байқуанышев мәлім етті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Оның айтуынша, облыстағыіріжобалардыңбірі–Атбасар ауданының Новосельское ауылында ФАП салу. Құрылыстымердігер «BF.Элит-Құрылыс» компаниясы қолға алған. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу мен абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысанды осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Сонымен қатар, Степняк қаласында Біржан сал ауданында аудандық аурухана құрылысы жалғасуда. Қаражат тапшылығына қарамастан, жұмыс белсенді түрде жалғасуда және келесі жылы аурухананы пайдалануға беру көзделген.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында өңірде 38 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны салынады. Биыл Егіндікөл ауданы Бауманское ауылында алғашқы нысан – ФАП аяқталды. Жыл соңына дейін Қына, Урюпинка, Новорыбинка және басқа да елді мекендердегі ФАП және дәрігерлік амбулаторияларды қоса алғанда, тағы 27 нысанды аяқтау жоспарланған.Сондай — ақ, жыл соңына дейін Целиноград, Ақкөл және басқа да аудандарда бірнеше ірі нысандардың құрылысы аяқталады», — деді басқармасы басшысының орынбасары.
Айта кетейік, «ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясындағы 10 нысанның құрылысы келесі жылға көшеді, оның ішінде Астрахан ауданының Старый Колутон және Бұланды ауданының Алтынды сияқты елді мекендеріндегі ФАП бар. Бұл нысандардың барлығы ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.
«Сондай-ақ, өңірде жаңа дәрігерлік амбулаториялар салу көзделген. Жобалық жұмыстар Ерейментау ауданының Торғай ауылы, Зеренді ауданының Бірлестік және Еленовка ауылдарында аяқталды. Қазіргі уақытта Бұланды ауданының Вознесенка амбулаториясын және Есіл қаласында ауысымына 50 адам қабылдайтын БМСК орталығын қоса алғанда, тағы төрт нысан үшін жобалау жұмыстары жүргізілуде», — деп толықтырды ол.
Ірі нысандардың қатарында Көкшетау қаласындағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасының ғимаратына «қабылдау бөлмесін» кеңейту, сондай-ақ Целиноград ауданының Ақмол ауылында 150 орындық аурухана салу жобасы бар. Бұл нысандар бойынша жобалық жұмыстар 2025 жылдың екінші тоқсанында аяқталады деп күтілуде.