🚒Аталған акцияның мақсаты көк және қызыл түсті жыпылықтайтын маяктар мен арнайы дыбыстық сигнал қосылған арнайы автокөлік құралдарына жол бермейтін жүргізушілерді анықтау.
🚨Құтқарушылар полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарында «Жол бер» акциясын өткізуде.
🚙Өткен жылы ҚР ӘҚБтК-нің 598-бабы бойынша жедел және арнайы қызметтердің көлік құралына қозғалыста артықшылық бермеу, сол сияқты сыртқы беттерге арнайы түсті-графикалық сызбалары, бір мезгілде жарқылдауық маяк пен арнайы дыбыстық сигнал қосылған жазулары мен белгілері бар 5 автокөлік жүргізушісі тартылды.
📌Ақмола ТЖД азаматтарды арнайы автокөлікті өткізуге шақырады.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі