
Бүгін Bolashaq saraiy алаңында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілінің өңір мектептерінің оқушылары мен колледж студенттеріне арналған «Құқықтық сағат» форматындағы кездесуі өтті.
Іс-шара аралас форматта ұйымдастырылып, оған 2500-ден астам жас қатысты.
Кездесу барысында жастардың құқықтық сауаттылығына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, есірткі құралдарын тарату және қолдану үшін жауапкершілік, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау тақырыптарына ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құзыретті мамандардан нақты жауаптар алды.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың өз құқықтары мен міндеттері туралы білімін кеңейтуге бағытталған.
