Сайлауға келіп, дауыс беру — азаматтық белсенділіктің бір көрінісі болып табылатыны белгілі.
Даналығы жастарға жол сілтеп, ақыл-кеңестері жұмыста бағыт болатын аға ұрпақ өкілдерінің ауданымызда өз мәресіне жетіп жатқан саяси іс-шараларға қатысуы көпке үлгі болатыны сөзсіз.
Бүгін ауданымызда өтіп жатқан сайлауға қатысып отырған сайлаушылардың ішінде аға буын өкілдері аз емес. Олар таңғы уақыттан бастап сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруде. Макинск қаласының тұрғылықты тұрғындарының бірі — еңбек ардагері Аймағамбетов Нәби. №282 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.