Оралда еңбек ұжымдарымен кездескен сенаторлар атом энергиясының шарттары жайлы айтты. Депутаттар кірпіш шығаратын және машина жасау зауыттарына барды. Жұмысшылар атом электр станциясының қауіпсіздігі, басқа қуат көздерінен айырмашылығы турасында сұрақтар қойды. Сенаторлардың айтуынша, атом энергиясы басқалармен салыстырғанда, көлемі аз шикізаттан мол қуат алуға мүмкіндік береді. Ал тек қана көмірдің ауаны ластайтын зиянды қалдығы орасан зор. Сондықтан еліміз таза, тұрақты, қауіпсіз энергияға мұқтаж.
Арман Өтеғұлов, Сенат депутаты:
Халық түсініп отыр, керек екені рас. Көмір жағып, одан электр қуатын өндіру болашақта болмайды. Енді бір он жылда экологиялық көзқарас мүлдем өзгереді. Қазақстан өзіне міндеттеме алды: 2060 жылға таман көмірмен жағатын кәсіпорындарды мейлінше азайту 40 %-ға дейін.