Бүгін ауданымыздың 292, 294, 295, 296 және 310 сайлау учаскілерінде дауыс беру процессі өз мәресіне жетіп жатыр. Ауыл тұрғындары, әрине, үнемі белсенді, сондықтан, олар кешікпей сайлау учаскілеріне келіп, өз таңдауларын жасауда.

Сайлаушылардың қатарында аға ұрпақ өкілдері, түрлі сала қызметкерлері және жастар қауымы да бар. Бастысы – ауыл тұрғындарының елдің болашағына деген үміті мен сенімді көзқарасы.