
Атыраудың қақ ортасында аумағы 17 мың шаршы метр болатын Бейбітшілік және келісім сарайы салынып жатыр.
2024 жылы құрылысы басталған кешенде музей, кітапхана, коворкинг, конференц-залдар және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы орналасады.
✨ Ғимараттың кіреберісі де ерекше болмақ. Төрт қабат биіктіктегі кеңістікті бейбітшіліктің символы – қалықтаған көгершіндер бейнесі безендіреді.
Қазір кешенде құрылыс жұмыстары жалғасуда. Алда ішкі жабдықтау мен абаттандыру жұмыстары бар.
Толығырақ: https://youtu.be/SicAJev113Q
