Астанада қазақ-француз мектебінің құрылысы басталды
Астана қаласында Қазақстан мен Франция арасындағы білім беруде жаңа бірлескен жоба қазақ-француз мектебінің құрылысы салтанатты түрде басталды.
Құрылыс ғимараты Freedom Holding Corp. қаржылай қолдауымен жүзеге асырылады. Жоба серіктесі – Bilim Media Group, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақ-француз мектебі жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Республикасының Президенті Эммануэль Макрон арасында жасалған келісімдер аясында іске асырылуда. Интернаттық үлгіде жұмыс істейтін мектеп француз және қазақстандық білім беру стандарттарына толық сәйкес болмақ.

Салтанатты шараға екі елдің ресми өкілдері – Франция Республикасының сыртқы сауда және шетелдегі француз азаматтары жөніндегі министр-делегаті Лоран Сен-Мартен, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев және Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов қатысты. Іс-шарада болашақ лицейдің жобасы таныстырылып, мектеп кіреберісіне естелік тасбелгі қойылды.