
Студент қыздар үлкен жауапкершілікті сезініп тұрғанын және өздерінің келешегі үшін таңдау жасағанын мақтанышпен айтады.
«Сайлауда алғаш рет дауыс беріп отырмыз. Келешек үшін үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз. Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын», — дейді студент қыздар.
Аталмыш №19 сайлау учаскесінде барлығы 2181 электорат тіркелген. Екі адам сырттай дауыс берді. Өз кезегінде сайлау күніне дейін 11 адам есептен шығару талондарын алды. Олар өздерінің сайлау құқығын пайдалана отырып, Қазақстанның басқа өңірлерінде дауыс бере алады.
Ақмола облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірде келушілер саны — 21,21 пайызды құрады.